Отдел сбора и обработки информации по материалам печати. Мы обеспечиваем полноту и оперативность информации о деятельности организации.
Электр тарату желілелерінің шұғыл жөндеу
бригадалары шеберліктерін шыңдады.
Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында орналасқан «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамының оқу-жаттығу полигонында 2024 жылдың 15-19 сәуір аралығында Жетісу облысы энергетиктері 10/0,4кВ электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадалары арасында кәсіби шеберлік жарысын өткізді.
Тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадаларының атқаратын қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, бұл жарыс осы қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отыр.
Осындай жарыстар ұйымдастыру электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу персоналының кәсіби шеберлігін шыңдап, тарату желілеріне қызмет көрсету кезінде жасалатын жұмыстар сапасын нығайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, апаттық сөнулерді болдырмауға, апаттық сөну болған жағдайда оны тез арада жоюға бағытталған.
Кәсіби шеберлік жарысына 11 аудандық электр тарату желілерінен құрамында 66 адам болатын, 11 команда қатысты. Жарысқа 12 техника жұмылдырылды.
Биылғы байқаудың өзгешелігі, қарсылас командалар дайындығы мықты, осыған дейін өткізілген жарыстарда жүлделі 3 орынннан басқа 3 номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталса, биылғы байқауда бұрынғы 3 «Үздік шебер», «Үздік жұмыс атқарушы», «Үздік төреші» номинацияларына тағы 2 номинациялар –«Үздік басқарушы», «Үздік электр жөндеуші» қосылды.
Шын мәнінде, электр жөндеушілердің жұмысы көзсіз батырлық пен асқан жүректікті талап етеді. Халықты сенімді электрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын энергетик мамандарымыз бұдан да жоғары марапаттарға лайық деп есептейміз. Себебі, 10 метрлік биіктікте тілсіз жаумен жұмыс жасайтын электр жөндеушілерді бүгінгі заманның батырлары деп айтуға болады.
Жарыс барысында командалар 7 кезеңнен тұратын сынақтан өтті. Атап айтқанда, нормативтік-техникалық құжаттарды білу деңгейі және теориялық дайындық, зардап шеккен тұлғаны («Илюша»манекенін) электр тоғының әсерінен босату, оны әуе желісінің тірегінен түсіру және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету дағдылары, түрлі маркалы ақауы бар шыны оқшаулағыштарды ауыстыру кезіндегі шеберлік, тірек аралықтарындағы кергілердегі оқшаулағыштарды ауыстыру дағдылары, сонымен қатар арнайы техниканы қолдана отырып 10 кВ әуе желісінің тірегінде РЛНД-10 кВ зақымдалған полюсті ауыстыру дағдылары.
Аталмыш байқау компаниямызда соңғы рет 2016 жылы өткізілген болатын. Содан бергі жылдарда электр жөндушілердің кәсіби деңгейлерінің едәуір артқаны байқалады.
Төрт күнге жалғасқан кәсіби жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Қарабұлақ электр желілер ауданы» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орынды « Талдықорған электр желілер ауданы» командасы иеленсе, ІІІ орынды – «Ақсу электр желілер ауданы» командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, жекелеген аталымдар бойынша Турсунов Нұрболат, «Қарабұлақ электр желіллер ауданы» шебері – «Үздік шебер», Тулегенов Данил, «Үштөбе электр желілер ауданы» электр жөндеушісі – «Үздік электр жөндеуші», Қазангельдинов Асулан, «Үйгентас электр желілер ауданы» бас инженері – «Үздік басқарушы», Алиев Асқар, «Қарабұлақ электр желілер ауданы» электр жөндеушісі – «Үздік жұмыс атқарушы», Түркебаев Серік, «Найзағайдан қорғау және диагностика» қызметінің бастығы – «Үздік төреші» номинацияларының жеңімпаздары атанды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар- телевизор табысталды.
Мұндай кәсіби жарыстар шұғыл жөндеу персоналдарының шеберлігі мен дайындығын бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар аудандық электр жөндеу бөлімшелер энергетиктерінің іскери байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Кәсіби шеберлік жарысы
Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында орналасқан «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамының оқу-жаттығу полигонында 2024 жылдың 15-19 сәуір аралығында Жетісу облысы энергетиктерінің 10/0,4кВ электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадалары арасында өтетін кәсіби шеберлік жарысының ашылу салтанаты болды.
Тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадаларының атқаратын қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, бұл жарыс осы қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отыр.
Осындай жарыстар ұйымдастыру электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу персоналының кәсіби шеберлігін шыңдап, тарату желілеріне қызмет көрсету кезінде жасалатын жұмыстар сапасын нығайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, апаттық сөнулерді болдырмауға, апаттық сөну болған жағдайда оны тез арада жоюға бағытталған.
Кәсіби шеберлік жарысына 11 аудандық электр тарату желілерінен құрамында 66 адам болатын, 11 команда қатысады. Жарысқа 12 техника жұмылдырылды.
Жарысқа қатысушыларға қойылған талап 7 кезеңнен түрады, оның әрқайысында өз саласындағы үздік мамандар кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерінің деңгейін көрсетеді. Бағдарламаға электр тоғынан зардап шеккен адамды құтқару, оны қуат барып түрған тіректен эвакуациялау, түрлі электр қондырғылары мен электр жабдықтарын пайдалану талаптарын білу бойынша емтихан тапсырмалары кіреді.
Жарысты 27 төрешілер бақылап, қатысушылардың кәсіби біліктілігін ғана емес, теориялық білімдерін, техника қауіпсіздігі ережелерін білуін, эквтремалды жағдайда жедел шешім қабылдау қабілеттігін бағалайды.
Жарысты «ТАТЭК» АҚ-ның басқарма төрағасы Айбек Мақсұтұлы Күзембаев салтанатты түрде ашты.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Тимур Эуесханұлы Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Кәсіби білікті, шебер команда жеңіске жетсін.
«ТАЭТК» АҚ тұтынушыларының назарына!
2024 жылы 1 қаңтардан ҚР ҰЭМ ТМР Жетісу облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №50-НҚ бұйрығының негізінде электр энергиясын тасымалдау және тарату бойынша реттелетін қызметінің тарифі 9,42 теңге 1 кВт./сағ көлемінде бекітілген.
2023 ж. 18 қараша күні сағат 22.39-да САОН ол арнайы автоматика, жүйеде авария болған кезде сол автоматика жұмыс жасайды. Авария бізде емес 500кВ желілерінде KEGOC-та “Екібастұз-Агадыр” желісінде болды.
Құрметті электр қуатын тұтынушылар, Жетісу облысының тұрғындары!
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС соңғы уақытта Талдықорған, Текелі қалалары, Жеңдік, Каратал ауылдарындың тұтынушыларын еуропа ұлттың, 35-40 жас шамасындағы ер адам аралап, электр желілерінде болып жатқан жоспарлы жөндеулерге, трансформаторларды ауыстыру жұмыстарын өткізу байланысты, электр қуатын бірнеше күнге сөндірулер болатынын және ақша төлесеңдер басқа желілерге қосып сөндіру жасамауға көмек көрсету үшін алдап ақша алу жағдайлары кейінгі кезде орын алғаны және осы тұлғаның ұсынған қызметі заңсыз, электр қуатын беруші ұйым – «ТАЭТК» АҚ, электр қуатымен жабдықтаушы ұйым –«Жетысу Энерготрейд» ЖШС аталған қызметті көрсетпейтіні туралы ескертеміз!
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС іс қағаз тасушылары тек жұмыс күндері ғана тұтынушыларға қызмет ететіні, кәсіпорын мөрі басылған бейдждері және қызметтік куәліктері бар екендігі туралы ескертеміз. «Жетысу Энерготрейд» ЖШС іс қағаз тасушылары тұтынушылардан қолма-қол ақша жинамайтыны туралы хабарлаймыз!
Осыған орай, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін абай болыңыздар, келген адамның қай ұйымнан келсе де, сол ұйымның жұмыскері екенін дәлелдейтін құжаттарын тексеріңіздер.
Жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты облыс тұрғындарына, алаяқтық әрекеттерге тап болған немесе «Жетысу Энерготрейд» ЖШС жұмыскерімін деп мәлімдейтін күдікті тұлғалармен кездескен жағдайда шұғыл тұрде жергілікті ішкі істер органдарына немесе 102 байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС
АҚ "ТАТЭК " Орталық қоймасы екі вакансия: жүк тиеуші лауазымы бар,жалақысы 127 000 мың тенге, жүргізуші-жүк тиеуші жалақысы-157 000 мың теңге.
Релелік қорғау және автоматика (РҚА)мамандары қажет
Негізгі талаптар:
1. Жоғары энергетикалық білім.
2. Энергетика саласында жұмыс өтілі аз деген де 5 жыл.
3.Микропроцессорлық базада электромеханикалық аппаратурасы мен РҚА құрылғыларымен жұмыс жасай білу.
4. 110/35/10/0,4 кВ кернеуліктегі коммутациялық аппараттар және РҚА құрылғыларын тексеру үшін электр өлшеу құралдарын білу және жұмыс дағдылары.
5. Білуге және орындауға міндетті:
- ТҚ, ТПЕ, ЭҚО, ӨҚҚ ережелері талаптарын
- 110/35/10 кВ қосалқы станцияның бастапқы және қайталама коммутациясының үлгілік схемаларын
- Қосалқы станциялардың, әуе және кабель желілерінің жабдықтарына РҚА құрылғыларының есептеуін жүргізу
- Жабдықтардың апаттық сөнулеріне талдау жасау және анықталған ақауларды жоя отырып апаттан кейінгі тексеруді жүргізу.
- Фихзикалық және моральді тозығы жеткен қосалқы станциялардың жабдықтарын жаңғырту және ауыстыру кезінде қолданыстағы электр қондырғыларындағы жұмыстарды жоспарлау және орындау.
Айлық еңбекақы шамамен 100 000 теңгеден 164 000 теңге аралығында
Жоғарыдааталған талаптарға сай болсаңыз әр бейсенбі күні «ТАЭТК» АҚ-да сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін болатын әңгімелесуге шақырамыз.
Анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады:8 7282 23 36 50 *3-85; 8 7282 23 36 50 *3-83.
Ылғалды қар электр қуатының сөнуіне себеп болды
Соңы ылғалды қарға ұласқан жаңбыр Алматы облысы Талдықорған өңірінің 10 елді мекенінде электр қуатының сөнуіне себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына орай «ТАЭТК» АҚ-ның жұмысшылары жоғарғы дайындық тәртібінде жұмыс жасады.
Ылғалды қар ағаштарды құлатып, электр сымдарына жабысып, олардың үзілуіне себеп болды.
Кейбір зақымдалған участоктарға, жолдың болмауы салдарынан автокөліктермен жету мүмкіндігі болмады,сондықтан жаяу барып, сөну себептерін анықтап, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
Түнгі уақытта, жетуге жолы қиын 3 елді мекендерден басқа жерлердегі зақымдалған участоктар дер кезінде қалпына келтірілді.
Қатты жел мен ылғалды кар ағаштардың құлауына себеп болады. Біз қорғалатын аймақтағы ағаштарды кесу жұмысын жүргіземіз. Бірақ, біз құзыретімізге жатпаса да, құлаған ағаштарды жинаумен айналысуға тура келеді.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына құрамында 30 адам бар 10 бригада, 9 арнайы техника жұмылдырылды.
Талдықорған қаласы бойынша электр қуатының сөнуі Сапиев көшесінде, Хутор аймағында ЖК «Болатаев» және «Қайрат» шаруа қожалығы желілеріндегі ақауларға байланысты орын алды.
«Көктем» шағын ауданында электр қуатының сөнуі Талдықорған қаласының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не қарасты 10 кВ ТП 10/0,4 кВ № 742 кабель желісіндегі ақауларға орай болды.
Талдықорған ЭЖА(РЭС) қызметкерлері электр қуатының сөнуіне орай шұғыл түрде тұтынушыларды басқа желілерге қосу жұмыстарын жүргізді.
«ТАЭТК» АҚ
Құрметті Энергетиктер!
Шын жүректен Сіздерді кәсіби мерекеміз – Энергетиктер күнімен құттықтаймыз.Энергетиктер күні – бұл еліміздің экономикасы мен оның әр тұрғынын электр энергиясымен және жылуымен қамтамасыз ету жолындағы қиын да игілікті іске арналған барлық адамдардың мерекесі!
Кәсіби мерекеміз күні Сіздерге мықты денсаулық, алға қойған мақсаттарыңызды іске асыруда табыс, сәттілік пен сенім тілеймін!
Күннің нұры мен жылуы әрқашан Сіздің отбасыңызға шапағатын шаша берсін, ал өмірдегі ең сенімді тірегіңіз туыстарыңыз, жақындарыңыз бен достарыңыз боп қала берсін!
Құрметпен,
«ТАЭТК» АҚ басқарма төрағасы
С.Демидов
«ТАЭТК» АҚ Жетісу облысындағы аса маңызды инфрақұрылымдық компаниялардың бірі болып табылады.
Компания жаңалықтары туралы хабарлама алу үшін таратылымға қол қой.
Ок