Электр тарату желілелерінің шұғыл жөндеу
бригадалары шеберліктерін шыңдады.
Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында орналасқан «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамының оқу-жаттығу полигонында 2024 жылдың 15-19 сәуір аралығында Жетісу облысы энергетиктері 10/0,4кВ электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадалары арасында кәсіби шеберлік жарысын өткізді.
Тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу бригадаларының атқаратын қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, бұл жарыс осы қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отыр.
Осындай жарыстар ұйымдастыру электр тарату желілерінің шұғыл жөндеу персоналының кәсіби шеберлігін шыңдап, тарату желілеріне қызмет көрсету кезінде жасалатын жұмыстар сапасын нығайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, апаттық сөнулерді болдырмауға, апаттық сөну болған жағдайда оны тез арада жоюға бағытталған.
Кәсіби шеберлік жарысына 11 аудандық электр тарату желілерінен құрамында 66 адам болатын, 11 команда қатысты. Жарысқа 12 техника жұмылдырылды.
Биылғы байқаудың өзгешелігі, қарсылас командалар дайындығы мықты, осыған дейін өткізілген жарыстарда жүлделі 3 орынннан басқа 3 номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталса, биылғы байқауда бұрынғы 3 «Үздік шебер», «Үздік жұмыс атқарушы», «Үздік төреші» номинацияларына тағы 2 номинациялар –«Үздік басқарушы», «Үздік электр жөндеуші» қосылды.
Шын мәнінде, электр жөндеушілердің жұмысы көзсіз батырлық пен асқан жүректікті талап етеді. Халықты сенімді электрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын энергетик мамандарымыз бұдан да жоғары марапаттарға лайық деп есептейміз. Себебі, 10 метрлік биіктікте тілсіз жаумен жұмыс жасайтын электр жөндеушілерді бүгінгі заманның батырлары деп айтуға болады.
Жарыс барысында командалар 7 кезеңнен тұратын сынақтан өтті. Атап айтқанда, нормативтік-техникалық құжаттарды білу деңгейі және теориялық дайындық, зардап шеккен тұлғаны («Илюша»манекенін) электр тоғының әсерінен босату, оны әуе желісінің тірегінен түсіру және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету дағдылары, түрлі маркалы ақауы бар шыны оқшаулағыштарды ауыстыру кезіндегі шеберлік, тірек аралықтарындағы кергілердегі оқшаулағыштарды ауыстыру дағдылары, сонымен қатар арнайы техниканы қолдана отырып 10 кВ әуе желісінің тірегінде РЛНД-10 кВ зақымдалған полюсті ауыстыру дағдылары.
Аталмыш байқау компаниямызда соңғы рет 2016 жылы өткізілген болатын. Содан бергі жылдарда электр жөндушілердің кәсіби деңгейлерінің едәуір артқаны байқалады.
Төрт күнге жалғасқан кәсіби жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Қарабұлақ электр желілер ауданы» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орынды « Талдықорған электр желілер ауданы» командасы иеленсе, ІІІ орынды – «Ақсу электр желілер ауданы» командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, жекелеген аталымдар бойынша Турсунов Нұрболат, «Қарабұлақ электр желіллер ауданы» шебері – «Үздік шебер», Тулегенов Данил, «Үштөбе электр желілер ауданы» электр жөндеушісі – «Үздік электр жөндеуші», Қазангельдинов Асулан, «Үйгентас электр желілер ауданы» бас инженері – «Үздік басқарушы», Алиев Асқар, «Қарабұлақ электр желілер ауданы» электр жөндеушісі – «Үздік жұмыс атқарушы», Түркебаев Серік, «Найзағайдан қорғау және диагностика» қызметінің бастығы – «Үздік төреші» номинацияларының жеңімпаздары атанды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар- телевизор табысталды.
Мұндай кәсіби жарыстар шұғыл жөндеу персоналдарының шеберлігі мен дайындығын бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар аудандық электр жөндеу бөлімшелер энергетиктерінің іскери байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Отдел сбора и обработки информации по материалам печати. Мы обеспечиваем полноту и оперативность информации о деятельности организации.
«ТАЭТК» АҚ Жетісу облысындағы аса маңызды инфрақұрылымдық компаниялардың бірі болып табылады.
Компания жаңалықтары туралы хабарлама алу үшін таратылымға қол қой.
Ок