ТАТЭК» АҚ 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және активтерді жаңғырту барысы бойынша баспасөз турын өткізді
Баспасөз турына:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Калибеков;
- Жетісу облысы әкімдігінің «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің энергетика және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы Ернар Елуханов;
- Жетісу облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Римма Салықова;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы бойынша өкілі Дәрібек Қарабасов;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы бойынша өкілі Назгүл Рахметуллаева;
- «ТАТЭК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Айдос Туғанбаев қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Калибеков инвестициялық бағдарламаны іске асырудың және активтерді жаңғыртудың маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ 2026 жылға аталған бағдарлама шеңберінде «ТАТЭК» АҚ-ға көзделген қаражатты игеру барысы туралы айтып өтті.
«ТАТЭК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Айдос Туғанбаев 2026 жылы инвестициялық бағдарламаны орындау және активтерді жаңғырту барысы туралы баяндама жасады. Ол жаңғырту жұмыстарының орындалу деңгейі 51%-ды құрайтынын атап өтті.
Өз баяндамасында техникалық іс-шараларды іске асырудың негізгі мақсаттары мыналар екенін атап өтті:
* электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
* электр желілерінің өткізу қабілетін арттыру;
* коммерциялық және техникалық шығындарды азайту;
* тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
Баяндама барысында Текелі қаласындағы №6707, №6802, №6805 6/0,4 кВ әуе электр желілерінің ағаш тіректерге орнатылып, жалаңаш сымдармен орындалғаны атап өтілді. Аталған желілер 1960 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта олардың тозу деңгейі 100%-ды құрайды.
Жаңғырту жұмыстары аясында ағаш тіректерді СВ-95/105 маркалы темірбетон тіректерге ауыстыру жүргізілуде. Сонымен қатар жобаға сәйкес 0,4 кВ әуе тарату желісін СИП-4 4х50 мм² маркалы оқшауланған сымдармен орындалатын 0,4 кВ әуе оқшауланған желіге (ВЛИ-0,4 кВ) ауыстыру көзделген.
Аталған бағдарлама шеңберінде Жаркент қаласындағы №134 қосалқы станциядан шығатын №42, №44 10/0,4 кВ қолданыстағы тозған әуе электр желілерін жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Жұмыстар барысында ағаш тіректер СВ-95/105 маркалы темірбетон тіректерге ауыстырылуда.
Жаңғырту жұмыстарының жалпы құны 1 950 000 мың теңгені құрайды, жұмыстардың жалпы ұзындығы — 84,21 км.
Қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.