Құрметті тұтынушылар! Соңғы уақытта электр энергиясының есептеуіш құралдарын ауыстырумен байланысты алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтар энергетикалық компаниялардың атынан қоңырау шалып, есептеуіш құралдарды тегін ауыстыруды ұсынады және телефон нөміріне жіберілетін SMS кодын айтуды сұрайды.
"ТАЭТК" АҚ, "Жетісу Энерготрейд" ЖШС телефон нөміріне хабарлама арқылы есептеуіш құралдарын алмастырмайды және SMS-кодтарды сұрамайды. Сіздерден аса сақ болуларыңызды және телефон арқылы жеке деректеріңізді бермеулеріңізді сұраймыз!