Техникалық қосылу

Электр желілеріне қосылу тәртібі

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алу

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» жаңа редакциясы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы №43 бұйрығы) күшіне енуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес:

  1. «ТАЭТК» АҚ (энергия беруші ұйым) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы тұрғылықты жері бойынша «ТАЭТК» АҚ филиалына (АЭЖ) белгіленген нысанда өтінім береді. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

    • объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғалар үшін; жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі; мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;
    • ахуалдық жоспар;
    • өз бетінше немесе сараптама ұйымын тарта отырып орындалған, мәлімделетін электр қуатының есеп-негіздемесі;
    • электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
    • электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт (5000 кВт) және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы «ТАЭТК» АҚ-мен келісіледі.
  2. Техникалық шарттар 5 жұмыс күні ішінде, электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу туралы жасалған және қол қойылған актімен әрі тұтынушыны қосу схемасымен бірге беріледі.

  3. Техникалық шарттар орындалғаннан кейін кернеу тек техникалық шарттардың орындалғаны және электр қондырғыларына кернеу беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарлама мен құрылыс-монтаждау ұйымынан немесе тұтынушыдан нысан бойынша электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш алынғаннан кейін ғана беріледі.

  4. Жазбаша хабарлама түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарап-тексеру (зерттеп-қарау) және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

  5. Жазбаша хабарлама түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кернеу беріледі, коммерциялық есепке алу жүйесі пломбаланады және пломбалау актісі беріледі.

  6. Энергия беруші ұйым («ТАЭТК» АҚ) коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасасуға қажетті құжаттар тізбесін жолдайды:

    электрмен жабдықтау объектілері кондоминиум құрамына кірмейтін тұтынушылар үшін:

    • электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісінің тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы бар көшірмесі;
    • энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
    • мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
    • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
    • электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі; ұйымның бірінші басшысына бұл талап қолданылмайды (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін);
    • техникалық шарттардың көшірмесі;
    • банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – тек заңды тұлғалар ұсынады;
    • акцепт туралы өтініштің көшірмесі.

    электрмен жабдықтау объектілері кондоминиум құрамына кіретін тұтынушылар үшін:

    • кондоминиум объектісін басқару органы немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
    • электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі; ұйымның бірінші басшысына бұл талап қолданылмайды (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін);
    • банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – тек заңды тұлғалар ұсынады;
    • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
    • акцепт туралы өтініштің көшірмесі.

Онлайн өтінім беру