
Құрметті жерлестер, сайт қонақтары мен серіктестер! Сіздерді өзімнің ресми блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Бұл парақша — өзара сенім мен шынайы сыйластыққа негізделген ашық сұхбат алаңы. Осы жерде сіздер компаниямыздың қарқынды дамуы мен жаңа бастамалары туралы біліп қана қоймай, өз сұрақтарыңызды қойып, құнды ұсыныстарыңыз бен лебіздеріңізді қалдыра аласыздар.
Әрбір тұтынушының әл-ауқаты мен жайлылығы — біздің басты міндетіміз. Бұндай тығыз байланыс жұмысымызға жаңа серпін беріп, өзара түсіністікті арттырады деп сенемін.
Ізгі тілекпен,
«ТАЭТК» АҚ-ның басқарма төрағасы