Миссия және басымдықтар

«ТАЭТК» АҚ-ның рөлі мен миссиясы нарықтың негізгі қатысушыларының одан күтетін үміттерімен байланысты:

– Инвестициялық қауымдастық үшін «ТАЭТК» АҚ – инвестициялардың қайтарымдылығын, сенімділігін, табыстылығын және өтімділігін қамтамасыз ететін тиімді инвестиция салу құралы;

– Тұтынушылар үшін «ТАЭТК» АҚ – сапалы қызмет көрсетуге, яғни сапалы әрі сенімді электрмен жабдықтауға және электр желілеріне қолжетімді бағамен уақтылы әрі ашық технологиялық қосуға бағытталған компания;

– Өңірлер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін «ТАЭТК» АҚ экономиканың электр беру қуаттарына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді, аумақтық дамудың өңірлік бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыруда атқарушы билік органдарының сенімді серіктесі, адал салық төлеуші және жұмыс беруші болып табылады;

– Қызметкерлер үшін «ТАЭТК» АҚ – корпоративтік басқарудың ашық әрі түсінікті жүйесі бар, адами ресурстардың әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік беретін тиімді ұйымдастырылған компания.

Жүйе құраушы компания ретінде «ТАЭТК» АҚ өзіне бағынысты еншілес компаниялар шеңберінде жалпы салалық міндеттерді орындауға, сондай-ақ саланың барлық компаниялары үшін болашақ жұмыс стандарттарын белгілеуге және саланы реттеудің оңтайлы тетіктерін әзірлеу мен ілгерілетуді қамтамасыз етуге тиіс.

Осылайша, «ТАЭТК» АҚ-ның миссиясы былайша тұжырымдалады: көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушыларға қолайлы төлем кезінде экономика мен әлеуметтік сектордың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін электр энергиясымен сенімді әрі сапалы қамтамасыз ететін тарату желілік кешенін басқару жүйесін дамытуда көшбасшы болу.