1930 – Талдықорған өңірінің электрмен жабдықтау тарихы «Түркісіб» темір жолы салынған жылдарынан басталған. Соғыс жылдары Талдықорған Су электр станциясы және Текелі Жылу энергия орталығы-1 қолданысқа енгізілді.
1950 – Жетісу өзендерінде кіші су электр станциялары пайда болды. Осылай коммуналдық энергетика дами бастады.
1959 – Текелі жылу энергия орталығы – 2 пайдалануға берілісімен Текелі энергокомбинаты құрылды.
1969 – Панфилов, Жетісу, Талдықорған электржелілері аудандары негізінде Талдықорған электржелілері ауданы құрылып, бұдан кейінгі жылдары облыстық электржелілері кәсіпорны болып қайта құрылды.
1986 – Электр қуатын тұтынушылары, мал шаруашылығының мал жайылымы учаскелеріне дейін Қазақ ССР-нің Бірегей энергожүйесіне қосылды.
1998 – Облыстық электр желілері кәсіпорны бірнеше рет қайта құрылып, атауы өзгертілді. Бірқатар қайта құрылудан соң «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды.