Жаңалықтар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
Жаңалықтар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!

admin November 3, 2020
Хабарлама!
Хабарлама!
Жаңалықтар

Хабарлама!

admin October 19, 2020
Жоспарлы өшірімдер қазан
Жоспарлы өшірімдер қазан
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер қазан

admin October 2, 2020
Жоспарлы өшірімдер тамыз
Жоспарлы өшірімдер тамыз
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер тамыз

admin July 30, 2020
Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!
Жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар!

admin July 14, 2020
Жоспарлы өшірімдер шілде
Жоспарлы өшірімдер шілде
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер шілде

admin July 7, 2020
Жоспарлы өшірімдер маусым
Жоспарлы өшірімдер маусым
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер маусым

admin June 1, 2020
Кәсіби шеберлік жарысы

Кәсіби шеберлік жарысы

Кәсіби шеберлік жарысы

 

Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында орналасқан  «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамының оқу-жаттығу полигонында  2024 жылдың 15-19 сәуір аралығында Жетісу облысы энергетиктерінің 10/0,4кВ электр тарату желілерінің  шұғыл жөндеу бригадалары арасында өтетін кәсіби шеберлік жарысының ашылу салтанаты болды.

Тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтау электр тарату желілерінің  шұғыл жөндеу бригадаларының атқаратын қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, бұл жарыс осы қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отыр.

          Осындай жарыстар ұйымдастыру электр тарату желілерінің  шұғыл жөндеу персоналының  кәсіби шеберлігін шыңдап, тарату желілеріне қызмет көрсету кезінде жасалатын жұмыстар сапасын нығайтуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, апаттық сөнулерді болдырмауға, апаттық сөну болған жағдайда оны тез арада жоюға  бағытталған.

Кәсіби шеберлік жарысына  11 аудандық электр тарату  желілерінен құрамында  66 адам болатын, 11 команда қатысады. Жарысқа 12  техника жұмылдырылды.

Жарысқа қатысушыларға қойылған талап 7 кезеңнен түрады, оның әрқайысында өз саласындағы үздік мамандар кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерінің деңгейін көрсетеді. Бағдарламаға электр тоғынан зардап шеккен адамды құтқару, оны қуат барып түрған тіректен эвакуациялау, түрлі электр қондырғылары мен электр жабдықтарын пайдалану талаптарын білу бойынша емтихан тапсырмалары кіреді.

Жарысты  27 төрешілер бақылап, қатысушылардың кәсіби біліктілігін ғана емес, теориялық білімдерін,  техника қауіпсіздігі ережелерін  білуін, эквтремалды жағдайда  жедел шешім  қабылдау қабілеттігін бағалайды.

Жарысты «ТАТЭК» АҚ-ның басқарма төрағасы Айбек Мақсұтұлы Күзембаев салтанатты түрде ашты.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Тимур Эуесханұлы  Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға  сәттілік тіледі.

 Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Кәсіби білікті, шебер  команда жеңіске жетсін.