«ТАЭТК» АҚ-ның 2020 жылы инвестициялық бағдарламаны орындауы және активтерді жаңғыртуы туралы» БАҚ-тар және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 07.10.2020 жылы
пресс-тур өткізілді.
Пресс-турға ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «Казэнергосараптама» ЖШС-ның Талдықорған филиалы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Жетісу», «Огни Алатау», «Талдықорған» газеттері тілшілері оқырмандарды мазалап жүрген сұрақтарын қойды .
«ТАЭТК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Серғазы Бекенұлы Джельдібаев 2020 жылы инвестициялық бағдарламаны
орындау және активтерді жаңғырту аясында атқарылған жұмыстарға шолу жасап шықты. Өз сөзінде 2020 жылға «ТАЭТК» АҚ-ның электр желілерін жаңғыртуға инвестиялық бағдарлама бойынша 685 100 мың теңге (ҚҚС есептемегенде) бөлінгенін айтты, инвестициялық бағдарлама бойынша компанияның бірқатар энергонысандары жетілдірілді :
- Талдыкорған қаласының (Шығыс шағын ауданы) 10 кВ тарату желілерін жетілдіру бойынша электр желілерін темір бетон тіректер және оқшауланған электр сымдарына ауыстырылды, 10/0,4 кВ кернеуліктегі трансформаторлы қосалқы станциялар (6 дана) ауыстырылды және АЭЕБЖ (АСКУЭ - Автоматтандаралған электр энергиясын есептеу және бақылау жүйесі) жүйесі енгізілді.
- Талдықорған қаласындағы 2 (Қаратал және Жетісу шағын аудандарындағы ) 10 кВ кернеуліктегі тарату пунктерін (РП) жетілдіру аясында ескірген жабдқтары жаңасына ауыстырылды.
- Алакөл және Ескелді аудандарындағы 110/35/10 кВ кернеуліктегі торапты қосалқы станциялар жабдықтары жетілдірілді.
Барлық аталған шаралар электр қуатын тасымалдауда электр желілерінің сенімділігін арттырып, техникалық ысыраптардың азаюына өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
2020 жылға инвестициялық бағдарламалар бойынша жоспарланған жұмыстар бекітілген кестеге сай жалғастырылуда.
«ТАЭТК» АҚ