Жаңалықтар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
Жаңалықтар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!

admin November 3, 2020
Хабарлама!
Хабарлама!
Жаңалықтар

Хабарлама!

admin October 19, 2020
Жоспарлы өшірімдер қазан
Жоспарлы өшірімдер қазан
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер қазан

admin October 2, 2020
Жоспарлы өшірімдер тамыз
Жоспарлы өшірімдер тамыз
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер тамыз

admin July 30, 2020
Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!
Жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар!

admin July 14, 2020
Жоспарлы өшірімдер шілде
Жоспарлы өшірімдер шілде
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер шілде

admin July 7, 2020
Жоспарлы өшірімдер маусым
Жоспарлы өшірімдер маусым
Жаңалықтар

Жоспарлы өшірімдер маусым

admin June 1, 2020
Ылғалды қар электр қуатының сөнуіне себеп болды

Ылғалды қар электр қуатының сөнуіне себеп болды

Ылғалды қар электр қуатының сөнуіне себеп болды

Соңы  ылғалды қарға ұласқан жаңбыр Алматы облысы Талдықорған өңірінің 10 елді мекенінде электр қуатының сөнуіне себеп болды. Ауа райының қолайсыздығына орай «ТАЭТК» АҚ-ның жұмысшылары жоғарғы дайындық тәртібінде жұмыс жасады.

Ылғалды қар ағаштарды құлатып, электр сымдарына жабысып, олардың үзілуіне себеп болды.

Кейбір зақымдалған участоктарға, жолдың болмауы салдарынан автокөліктермен жету мүмкіндігі болмады,сондықтан жаяу барып, сөну себептерін анықтап, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жасалды.

Түнгі уақытта, жетуге жолы қиын 3 елді мекендерден басқа жерлердегі зақымдалған участоктар дер кезінде қалпына келтірілді.

Қатты жел мен ылғалды кар ағаштардың құлауына себеп болады. Біз қорғалатын аймақтағы  ағаштарды кесу жұмысын жүргіземіз. Бірақ, біз құзыретімізге жатпаса да, құлаған ағаштарды жинаумен айналысуға тура келеді.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына құрамында 30 адам бар 10 бригада, 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Талдықорған қаласы бойынша электр қуатының сөнуі Сапиев көшесінде, Хутор аймағында  ЖК «Болатаев» және  «Қайрат» шаруа қожалығы желілеріндегі ақауларға  байланысты орын алды.

«Көктем» шағын ауданында электр қуатының сөнуі Талдықорған қаласының  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-не қарасты 10 кВ  ТП 10/0,4 кВ № 742 кабель желісіндегі ақауларға орай болды.

Талдықорған ЭЖА(РЭС) қызметкерлері электр  қуатының сөнуіне орай шұғыл түрде тұтынушыларды басқа  желілерге қосу жұмыстарын жүргізді.

«ТАЭТК» АҚ