«ТАЭТК» АҚ-ның 2020 жылы инвестициялық бағдарламаны орындауы және активтерді жаңғыртуы туралы» БАҚ-тар және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 07.10.2020 жылы
пресс-тур өткізілді.
Пресс-турға ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «Казэнергосараптама» ЖШС-ның Талдықорған филиалы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Жетісу», «Огни Алатау», «Талдықорған» газеттері тілшілері оқырмандарды мазалап жүрген сұрақтарын қойды .
«ТАЭТК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Серғазы Бекенұлы Джельдібаев 2020 жылы инвестициялық бағдарламаны
орындау және активтерді жаңғырту аясында атқарылған жұмыстарға шолу жасап шықты. Өз сөзінде 2020 жылға «ТАЭТК» АҚ-ның электр желілерін жаңғыртуға инвестиялық бағдарлама бойынша 685 100 мың теңге (ҚҚС есептемегенде) бөлінгенін айтты, инвестициялық бағдарлама бойынша компанияның бірқатар энергонысандары жетілдірілді :
Барлық аталған шаралар электр қуатын тасымалдауда электр желілерінің сенімділігін арттырып, техникалық ысыраптардың азаюына өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
2020 жылға инвестициялық бағдарламалар бойынша жоспарланған жұмыстар бекітілген кестеге сай жалғастырылуда.
«ТАЭТК» АҚ
Отдел сбора и обработки информации по материалам печати. Мы обеспечиваем полноту и оперативность информации о деятельности организации.
«ТАЭТК» АҚ Жетісу облысындағы аса маңызды инфрақұрылымдық компаниялардың бірі болып табылады.
Компания жаңалықтары туралы хабарлама алу үшін таратылымға қол қой.
Ок