ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Құлназаров Қанат Темірұлы іс- сапармен Жетісу облысына келді.
Сапар аясында «ТАЭТК» АҚ –ның кәсіпорын жұмысымен танысып, орталық диспечерлік қызметінде болып, биылғы жылы энергетикалық нысандарды жаңғырту бойынша атқарылған жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Маққа Жарқынбайқызы Шынғазиеваның, "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы "АҚ-ның айналасында ірі кәсіпорындарының ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекцияның бас сарапшысы Нұрмұхамбетов Олжас Амантайұлының, Жетісу өңірі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті басшысының қатысуымен жиын өтті. Жиында «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруды түсіндіру жөніндегі өңірлік семинар-кеңес Спикерлері:
Құлназаров Қанат Темірұлы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары;
Мырзағалиева Әлия Ерболатқызы -"Бәйтерек ҰБХ "АҚ-ның басқарушы директоры;
Шынғазиева Маққа Жарқынбайқызы - «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары;
Нұрмұхамбетов Олжас Амантайұлы - "QazIndustry" «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның айналасында ірі кәсіпорындарының ШОБ белдеуін құру жөніндегі дирекцияның бас сарапшысы;
Қалибеков Думан Сейітқұлұлы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті басшысы;
Кузембаев Айбек Мақсұтұлы - «ТАЭТК» АҚ-ның Басқарма төрағасы.
Қатысушылар:
Сериков Диас Серікұлы - «Steppe Development Fund» жеке қоры, жоба жетекшісі;
Баймаханова Гаухар Жеткергенқызы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз хатшысы.
Отдел сбора и обработки информации по материалам печати. Мы обеспечиваем полноту и оперативность информации о деятельности организации.
АО "ТАТЭК" является одной из наиболее значимых инфраструктурных компаний в области Жетысу.
Подпиши на рассылку, чтобы получать уведомления о новостях компании.