«ТАЭТК» АҚ электр желілеріне қосылу үшін алынатын техникалық шарт
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015ж. №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» жаңа басылымында 06.02.2020ж. №43 бұйрығының күшіне енуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 13.08.2019ж. №73 министрінің бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес
- «ТАЭТК» АҚ (энергия беруші ұйым) электр желілеріне қосылуға
техникалық шарт алу үшін тұтынушы тұрғылықты жеріне байланысты «ТАЭТК» АҚ бөліміне бекітілген үлгі бойынша өтініш береді. Өтінішке қоса беріледі:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) ахуалдық жоспар;
3) дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;
4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
5) электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші «ТАЭТК» АҚ ұйымымен келісіледі.
- Техникалық шарт беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, сонымен қатар жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі бірге беріледі.
- Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы жазбаша хабарламаны және қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті алғаннан соң іске асырылады.
- Хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді.
- Хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді.
- Энергия беруші ұйым («ТАЭТК» АҚ) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға келісім шарт жасау үшін керекті құжаттарды жібереді:
- Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылар үшін:
1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
6) техникалық шарттардың көшірмесі;
7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады;
8) акцептеу туралы өтініштің көшірмесі.
- Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылар үшін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;
2) кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
5) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
7) акцептеу туралы өтініштің көшірмесі.